Павлодарда ер адам өз пәтерін өртеп, артынша терезеден секіріп кеткен

0
493

1986 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді.


Павлодарда ер адам өз пәтерін өртеп, артынша терезеден секіріп кеткен

ERNUR.KZ. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға 23 ақпан күні Павлодар қаласы, Айманов көшесі, 26-үйде болған.

«Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында АМПТ диагнозы бойынша есепте тұрған, суицидке бейім ер адам есікті ашпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар күшімен алдыңғы есік ашылды. Белгілі болғандай, аутопсиядан кейін ер адамның пәтерді өртеп, өзі терезеден секіргені анықталды», - делінген хабарламада.

ТЖД өртке қарсы қызметі үй заттарының, жиһаздарының өртенгенін анықтады. Өрт жалпы ауданы 20 шаршы метр жерді шарпыған. Жалын сағат 18:55-те толықтай сөндірілді.

1986 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Алдын-ала диагнозы бойынша оның оң қолы мен аяғы сынған.