Павлодарда ер адамның аяғын пойыз басып кетіп, ампутация жасалды

0
515

Ер адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.


Павлодарда ер адамның аяғын пойыз басып кетіп, ампутация жасалды

ERNUR.KZ. Павлодарда 59 жастағы ер адамның аяғына ампутация жасалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

103 жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 28 қаңтарда сағат 10:54-те Успен көпірі маңындағы теміржолда ер адамның аяғын пойыз басып кеткені туралы хабрлама түскен.

«Зардап шеккен 59 жастағы ер адам болып шықты. Көптеген жарақаттар, аяқтың травматикалық ампутациясы, екінші дәрежелі аралас шок және басқа да жарақаттар анықталды», - деді станцияда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 59 жастағы ер адам ота жасалғаннан кейін жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын хабарлады.