Павлодарда қар жауғанын видеоға түсіріп, оны туыстарына жібергені үшін әжейге кешірім сұратқан

0
644

Баянауылға қалың қар жауды.


Павлодарда қар жауғанын видеоға түсіріп, оны туыстарына жібергені үшін әжейге кешірім сұратқан

ERNUR.KZ. Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны қалың қар жауғанын видеоға түсіргені үшін камера алдында жергілікті әкімнен кешірім сұрады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Instagram желісінде кешірім сұрағаны туралы видео пайда болды. Алғашқы видеода ауыл тұрғынының қар жауып жатқан сәтін түсіргені көрсетілген. Онда қазан айында жауған қар қаңтар-ақпаннан кем түспейтінін айтады

Міне осы сәтті видеоға түсіріп, туыстарына жібергені үшін ол әкімдік алдында кешірім сұрауға тура келді.

Роликтің жалғасында ауыл тұрғыны камераға жауған қарды видеоға түсіргенін мойындайды, бірақ ол ешнәрсеге шағымданбағанын айтты.