Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды

0
516

Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туылған ер баланың денесі табылған.


Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласында үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп жазады baq.kz.

20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туылған ер баланың денесі табылған.

ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі, - делінген ІІМ хабарламасында.