Павлодарда қоқыстың 3 түріне арналған еуроконтейнерлер қолданысқа беріледі

0
921

Өңірде жыл сайын 60 мың тоннаға жуық қоқыс тасталады.


Павлодарда қоқыстың 3 түріне арналған еуроконтейнерлер қолданысқа беріледі

ERNUR.KZ. Ертіс өңірінде «жасыл» экономикаға көшу концепциясын дамытуға бағытталған шаралар қолға алынған, деп жазады baq.kz.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының мәліметінше, өңірде жыл сайын 60 мың тоннаға жуық қоқыс тасталады.

Облыста қоқысты бөлу үш қалада енгізілген. Тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеумен 10 кәсіпорын айналысады. Мәселен Экібастұз қаласы үшін 913 арнайы еуроконтейнер берілді. Олардың 374 данасы пластиктен, ал қалғаны темірден жасалған. Ал облыс орталығындағы кәсіпорын жалпы аумағы 3,5 мың шаршы метр болатын ғимарат сатып алды. Қоқысты сұрыптау орталығының жылдық қуаттылығы 100 мың тоннаға жетпек, - дейді салалық емкеме басшысының орынбасары Айгерім Қабылтаева.

Осы тектес кәсіпорын Екібастұз қаласында да бар. Кешеннің жылдық қуаттылығы 40 мың тонна. Ал Ақсу қаласындағы мекеме қағаз, макулатура мен пластик қоқыстарды бөліп, жинақтайды. Бұл жерге электр желілерін тарту жоспарланған.

Былтырғы жылы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі небары 15%-ды құрады, яғни, 90 тонна өңделді. Ал биылғы жылғы көрсеткіш - 16,5%.