Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

0
1 009

Зардап шеккендер мен өрт салдарынан көз жұмғандар жоқ.


Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Өртті сөндіруге 4 техника мен 16 адам жұмылдырылды, деп жазады baq.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Гагарин көшесі, 81 мекенжайы бойынша бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.

"Бүгін, 22 шілде күні таңғы сағат 6.12-де кезекшілік бөліміне өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалын 10 шаршы метрді шарпып, үйдегі заттар мен жиһаздар жанған. Зардап шеккендер мен өрт салдарынан көз жұмғандар жоқ", - деді ТЖ департаментіндегілер.

Өрт сөндірушілер 17 адамды эвакуациялады. Оның 8-і – бала. Оқиға кезінде үйде ешкім болмаған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 техника мен 16 адам жұмылдырылды, сағат таңғы 6.43-те өрт толығымен сөндірілді.