Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жасар қыз құлап кетті

0
1 231

Көп қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатынан құлаған.


Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жасар қыз құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жастағы қыз құлап, алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық жедел медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз Максим Горький көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатынан құлаған.

Оқиға бойынша шақырту 15-қыркүйек күні сағат 21:30-да түскен.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен.Мамандар 2009 жылы туған қыздың өлімін тіркеді.