Павлодарда өз қызын зорлады деген ер адам іздестіріліп жатыр

0
403

Тергеу қыздың анасының арызынан кейін басталғаны атап өтілді.


Павлодарда өз қызын зорлады деген ер адам іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Павлодарда қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінген ер адам іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Іздестіру шараларына қатысты тиісті нұсқаулықтар облыс пен республикадағы барлық аумақтық полиция бөлімшесі мен шекара қызметтеріне жолданды.

Тергеу қыздың анасының арызынан кейін басталғаны атап өтілді.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қыз баланың айтуынша, әкесі оны 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін зорлап келген.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.