Павлодарда таксист жолаушы әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген

0
486

Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал қарау үшін Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.


Павлодарда таксист жолаушы әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген

ERNUR.KZ. Павлодарда ер адам әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға 24 желтоқсанда қаланың Торайғыров көшесінде болған.

«Audi автокөлігінің жүргізушісі жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрышты баллон шашқан. Полиция автокөліктің жүргізушісін анықтады. Ол 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Осы факті бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал қарау үшін Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.