Павлодарда темір жолдан өтіп бара жатқан 12 жастағы өспірімді пойыз қағып кетті

0
1 425

Жеткіншек облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан.


Павлодарда темір жолдан өтіп бара жатқан 12 жастағы өспірімді пойыз қағып кетті

«Павлодар – Астана» бағатында қатынайтын темір жолда электр пойыз 12 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жеткіншек облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан. Сол сәтте бұрылыстан «Павлодар – Астана» бағытындағы электр пойыз шыққан. Соққы салдарынан бала шетке құлап, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда бала тірі қалған.
- Ол жедел жәрдем арқылы 17 наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді, - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош. – Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында. Ақ желеңділер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Баланың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.