Павлодарда төрт адам блок-бекеттен заңсыз өтпек болған (видео)

0
526

Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.


Павлодарда төрт адам блок-бекеттен заңсыз өтпек болған (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Павлодар облысындағы блок-бекетке қатысты видео пайда болды. Онда жазба авторы бақылау-өткізу пунктінде тұрғанына 8 сағат болғанын, құжаттарын алып кеткенін айтады. Бұған қатысты пікір білдірген облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жолаушылар заңсыз өтуге тырысқан, деп жазады nur.kz.

Бақылау пунктінен түсірілген видео Instagram-дағы топтардың бірінде жарияланған. Кадрдан жазба авторының трассада 8 сағат бойы тұрғанын, құжаттарын күтуде екенін айтқанын естуге болады. Олар бұнда Павлодардан шығып кету үшін келгендерін жеткізген.

Жазба авторы жеке куәліктерін тұрғылықты мекенжайын тексеру үшін алып кеткендерін мойындаған.




Бірнеше сағаттан кейін ер адам тағы бір видео жариялады. Бұл жолы оларға полиция қызметкері келіп, жеке мәліметтерді анықтай бастағанын көруге болады.

Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәлімдемесінде төрт адамның бақылау-өткізу пунктінен заңсыз өтпек болғаны айтылды.

Көлік оқиға орнына 12 қараша күні кешкісін жеткен. Бірақ блок-бекет қызметкерлері оларды өткізуден бас тартқан, өйткені үшеуі Павлодар қаласының тұрғындары, сондықтан оларға кетуге ешкім рұқсат бермеген екен.


"Содан кейін жеке куәліктерін, сондай-ақ транспортты басқаруға арналған құжаттарды қалдырып, жүргізуші көлікке отырған бойда қалаға кері қайтқан. Кейінірек ер адамның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды, сондықтан ол жазадан қорқып, осындай қадамға барған. Сонымен қатар, көлік Павлодардан саяжайдың ішімен заңсыз шығып кеткені белгілі болды", - деді полицияның баспасөз қызметі.


Тәртіп сақшылары жүргізушілермен болған әңгіме видеотаспаға жазылғанын жеткізген. Оқиғаға медицина қызметкерлерінің куә болғаны да айтылды.

Соның нәтижесінде бақылау-өткізу пунктінен заңсыз өткені үшін павлодарлық үш адамға қатысты хаттама толтырылған.

Сондай-ақ ер адамға жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгені үшін әкімшілік іс қозғалған.