Павлодарда Ұлттық ұлан қызметкерлерімен төбелескендер видеоға түсіп қалған

0
907

Видео орталық қалалық мешіттің маңында түсірілген.


Павлодарда Ұлттық ұлан қызметкерлерімен төбелескендер видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Павлодарда Ұлттық ұлан қызметкерлерімен төбелескендер видеоға түсіп қалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Төбелестің видеосы Instagram желісінде тарады. Видео орталық қалалық мешіттің маңында түсірілген.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Полициядағылар оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"1 қараша сағат 19.25-те кафе маңында 26 және 37 жастағы ер адамдар қызметте жүрген 5512 әскери бөлімінің қызметкерін жарақаттаған", - деді өңірлік полиция басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Каиров.

Полицейдің айтуынша, ер адамдар патруль қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан.

"Әскери қызметкерлер олардан қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтатуды және учаскелік полиция пунктіне баруды сұраған, бірақ олар қарсылық көрсетіп, әскери қызметкерлердің бірінің көзін жарақаттады.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі терегу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицей.

Ведомство мәліметінше, павлодарлық 26 жастағы ер адам осыған дейін бұзақылық жасағаны үшін сотты болған және видео түсірілген кезде оның мас болғаны анықталды.