Павлодарда университет бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алмақ болған

0
581

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.


Павлодарда университет бір кітапты 31,5 млн теңгеге сатып алмақ болған

ERNUR.KZ. Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингтеу барысында қаражатты негізсіз пайдалану фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерге құны 31,5 млн теңге тұратын бір дана әдеби кітап сатып алуды жоспарлаған.

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.

Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады.