Павлодарда үш жасар қыз балабақшадан шығып, жоғалып кеткен

0
637

​Павлодарда үш жасар қыз балабақшадан шығып, жоғалып кетті.


Павлодарда үш жасар қыз балабақшадан шығып, жоғалып кеткен

ERNUR.KZ. Әжесі бүлдіршіннің алдынан шығып үлгермеген, деп жазады Stan.kz

7 сәуір күні сағат 17:53-те полицияға үш жасар қыздың жоғалғаны жөнінде хабар келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер жедел жетіп, жаяу қызметкерлерге хабар берілді. Ақырында бүлдіршін дүкеннен табылды.

"Павлодар тұрғыны немересін балабақшадан алып кетуі керек болған. Қыз әжесін күтпестен, бақшадан жүгіріп шығып, үйіне қарай бет алған. Жолдан дүкенге кірген, сол жерден табылды", - деді подиция басқармасының инспекторы Бибігүл Қамзина.