​Павлодарда жас журналистердің пән олимпиадасы өтіп жатыр

0
922

Олимпиада Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында өткізіліп отыр.


​Павлодарда жас журналистердің пән олимпиадасы өтіп жатыр

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша пән олимпиадасы өтір жатыр.

Дәстүрлі пәндік олимпиаданың бұл жылғы ерекшелігі - Ертіс, Баян өлкесі туралы бейнеролик дауындау. Олимпиадада еліміздің әр өңірінен 17 команда бақ сынауда.

Айта кетейік, олимпиада Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында өткізіліп отыр.

Журналистика пән олимпиадасының қорытындысы 16 cәуір күні университет сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады. Жеңімпаз командалар ҚР Білім және ғылым министірінің және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының дипломдарымен марапатталады.

Жобаның мақсаты - білімгерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, болашақ журналистердің дарындылығын шыңдау және қолдау білдіру.

Айман Әлмен,

ERNUR.KZ