Павлодарда жасы 80-нен асқан зейнеткер кішкентай қыз балаларға азғындық жасаған

0
281

Қазіргі уақытта азаматқа қатысты сотқа дейін қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.


Павлодарда жасы 80-нен асқан зейнеткер кішкентай қыз балаларға азғындық жасаған

ERNUR.KZ. Қарт адам қазіргі уақытта жасаған әрекеті үшін қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inform.kz.

Зейнеткер қыз балаларды көшеде ойнап жүрген жерде кездестіріп, алдап үйіне шақырған.

«Жасөспірімдердің жасы 11-ге де толмаған. Павлодар қаласында тұратын, жасы 80-нен асқан зейнеткер оларды көшеде кездестіріп, үйіне шақырған. Сөйтіп оларға азғындық әрекет жасаған. Аталған факті жоғалған балаларды іздеу барысында белгілі болды. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
Қазіргі уақытта азаматқа қатысты сотқа дейін қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында жалпы саны 16 баланың жыныстық қол сұғылмаушылық құқықтары бұзылған. Өткен наурыз айында облыс орталығындағы балалар ауруханасына денесінде жарақаты бар жасөспірім түскен. Кейін белгілі болғандай, жақын туысы оған азғындық әрекеттер жасаған.

Ал, Ақсу қаласында 15 жасар қыз 17 жастағы бозбаладан жүкті болып қалған. Екі тараптың ата-анасы кейін өзара келісімге келген.