Павлодарда жоғалып кеткен зейнеткер өлі күйінде табылды

0
318

83 жастағы зейнеткердің денесі саяжайдан табылған.


Павлодарда жоғалып кеткен зейнеткер өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда жоғалып кеткен зейнеткер өлі күйінде табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сараптама өткізгеннен кейін оқиғаның мән-жайы анықталады. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Бәлкім, оқыс жағдай болуы, ағаштан құлап кетуі немесе денсаулығы сыр беруі мүмкін. Нақты себебін білмейміз», – дейді Vita еріктілері.

Еске сала кетейік, 1940 жылы туған зейнеткердің жоғалып кеткені туралы хабарлама 26 маусымда түскен.

Қанатбек Жабықбаев күнде «Металлург» бағбаншылығына саяжайға барып жүрген, алайда шамамен сағат кешкі 6-да телефон қоңырауына жауап бермеген соң туыстары алаңдай бастаған.

VITA еріктілері, полиция қызметкерлері, жедел әрекет ету жасағы, туыстары, отбасы, достары мен белсенді тұрғындар жоғалған қарияны іздестірді.