Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам өлі табылды

0
541

Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінен пышақ жарақаттары бар жас жігіттің денесі табылды.


Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Ер адамды өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жас жігіттің денесі Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылған.

"3 қазанда сағат 02.25 шамасында Павлодар облысының 20 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу "Адам өлтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр, күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.