Павлодардан Алматыға «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жүреді

0
2 186

​2018 жылғы 1 сәуірден бастап №31/32 «Павлодар-Алматы» стандарт пойызының жылжымалы құрамы заманауи «Тұлпар-Тальго» вагондарына алмастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодардан Алматыға «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жүреді

2018 жылғы 1 сәуірден бастап №31/32 «Павлодар-Алматы» стандарт пойызының жылжымалы құрамы заманауи «Тұлпар-Тальго» вагондарына алмастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүрдек пойыз күнде Павлодар станциясынан 21:11-де жолға шығып, Алматы-2 вокзалына 23:02-де жетеді. Ал кері бағытпен Алматы-2 вокзалынан 16:12-де шыққан пойыз Павлодарға 17:20-да жетеді. Жаңа кестеге сай жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды. Жол жүруге кететін уақыт оның жылдамдығының артуына байланысты 3 сағатқа қысқарды. Бұдан тыс, 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Самарқанд-Астана Нұрлы жол» бағдарымен № 251/252 халықаралық пойызы жүреді. Пойыз аптада бір рет: Астанадан сейсенбі күні, Самарқандтан жексенбі күндері шығады.