​Павлодарлық балалар ермексаздан ұлттық нақыштағы қуыршақ жасауды үйренуде

0
2 597

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі мәлім етті.


​Павлодарлық балалар ермексаздан ұлттық нақыштағы қуыршақ жасауды үйренуде

ERNUR.KZ.Павлодар қаласы №2 Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары мен жаңадан бастап жүрген суретшілері тамыз айында барлық тілек білдіруші балалар мен ересектерге шеберлік сабақтарын ұйымдастырды, деп жазады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі мәлім етті.

- Павлодарда сурет, сәндік-қолданбалы өнер пәндерінің оқытушысы Екатерина Одарчук «Амос» фирмасының түрлі-түсті массасынан жасалған ұлттық нақыштағы қуыршақ жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді, - деді білім беру бөлімінде.

– Балалар қуыршақты дайындауға ерекше сүйсініп кірісті. Қуыршақтың негізгі денесі қарапайым пластик бөтелкесі болды. Ары қарай жапсырма техникасына «иілімді саусақтар» білімдері мен шеберліктері керегін тапты. Екатерина Одарчук әрбір оқушыға түсінікті етіп, жапсырманың ең оңай техникалық тәсілдерін көрсетті. Ал, Дина Сәменова түрлі-түсті қағаздар бойынша шеберлік-сабағын ұйымдастырды. Ұстаз көрермендерді түрлі-түсті қағаздардан симметриялық ұлттық ою-өрнектерді әзірлеу тәсілдерімен таныстырды. Одан кейін қатысушылармен бірге нақты мысал келтіре отырып, қызықты әшекейлі композиция құрды. Ата-аналар да өздерінің кішкентай тәрбиеленушілеріне белсенді көмектесті.