Павлодарлық оқушылар мектепке саусақ ізі арқылы кіреді

0
1 378

ERNUR.KZ. Павлодар қаласы № 37 мектебінің оқушысы «Smart Павлодар» қосымшасын жасап шығарды. Бұл мобильдік қосымшаны Play Market, немесе App Store қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады, - деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.


Павлодарлық оқушылар мектепке саусақ ізі арқылы кіреді

фото: bilim-pavlodar.gov.kz

ERNUR.KZ. Павлодар қаласы № 37 мектебінің оқушысы «Smart Павлодар» қосымшасын жасап шығарды. Бұл мобильдік қосымшаны Play Market, немесе App Store қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады, - деп хабарлайды қалалық білім беру бөлімі.

Смартфон көмегімен оқушылар ата-аналары балаларының мектепке келіп және кеткен уақыттарын дәл бақылап отыра алады.

«Оқу орнының кіре берісінде орнатылған турникетте оқушылар кіре берісте саусақ таңбалары арқылы сәйкестендіреді. Ең алдымен ол мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін қажет», - дейді білім ошағының басшылығы.

Саусақ таңбалары арқылы оқушылар асханадағы түскі астары үшін төлем де жасай алады. Мәзір кез-келген смартфон иесі жүктеп ала алатын «Smart Павлодар» мобильдік қосымшасында онлайн режимде алдын-ала қалыптастырылады. Қалауынша мәзірді ата-анасы немесе мұғалімі алдын-ала қалыптастыруына болады. «Smart Павлодар» мобильдік қосымшасын жасап шығарушы Максим Морозов.