Павлодарлықтар аптап ыстықтан есінен танып жатыр

0
415

«103» қызметіне гипертониялық науқастар мен облыс тұрғындарының басқа да созылмалы аурулары бар тұрғындардан түскен қоңыраулар саны да артқан.


Павлодарлықтар аптап ыстықтан есінен танып жатыр

ERNUR.KZ. Павлодарда бір тәулікте 20 адам аптап ыстықтан қоғамдық орындарда есінен танып қалды, деп жазады zakon.kz.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «103» қызметіне гипертониялық науқастар мен облыс тұрғындарының басқа да созылмалы аурулары бар тұрғындардан түскен қоңыраулар саны да артқан.

"Жедел жәрдем шақыруларының көбеюі тіркеліп жатыр. Егер қатты аптап ыстық басталғанға дейін бізге күніне 630-дан 650-ге дейін шақырту түссе, қазір 710-720 шақырту", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Күндізгі уақытта бір ғана қоғамдық орындарда жиырма адам ыстықтан есінен танып қалды. Денсаулық сақтау қызметкерлері тұрғындардан еш себепсіз далаға шықпауды сұрайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін Павлодар облысында ауа температурасы 39 градусқа жеткен. Өрт жағдайы жалғасуда.

"Облыс орталығында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне байланысты жасыл алқаптарды суару жұмыстары күшейтілді", - деп хабарлады ТЖД.

Бұл ретте, өрт қауіпсіздігі мақсатында теректерді қағып алады.