Петропавл жылу станциясында апат болып, бір адам ауруханаға жеткізілді

0
891

Жапа шегуші жұмыс орнында буға күйіп қалған.


Петропавл жылу станциясында апат болып, бір адам ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Петропавл жылу электр станциясында апат болып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Жапа шегушінің денесінің жартысы күйіп қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.

28 жастағы жігіт жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір ол реанимация бөлімшесінде жатыр. Кәсіпорын басшылығы қазандықтар бүгін қайта іске қосылатынын жеткізді. Облыс орталығындда жылу мен жарық беру тоқтатылған жоқ.

«Жұмысшы буға күйіп қалған. Басшылығы хабарласып, мән-жайды біліп тұрады. Беті, мойны, аяқ-қолы, жамбасы мен ішін күйік шалған. Жағдайы ауыр. Қарқынды терапия жасалып жатыр. Дәрігерлер тиісті шаралардың барлығын жасайды», - дейді 3-ші Петропавл қалалық көпбейінді аурухананың жетекшісі Жанна Мауытова.