Петропавлда 11 жастағы қыз жоғалып кетті

0
947

Анасының айтуынша, қыз бала әдетте құрбысымен саябақта немесе үй маңында қыдырған.


Петропавлда 11 жастағы қыз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Петропавлда 11 жасар жеткіншек қыз жоғалып кетті, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде 11 жасар Полина Шапарьдің жоғалғандығы жөнінде жазба тарады. Жеткіншек 4 маусым күні Петропавлдағы батыр Баян көшесіндегі үйінен сағат 16.00 шамасында шығып кеткен.

Жазбаны таратқан волонтерлердің айтуынша, бойы 150 см, шашы ашық қырмызы түске боялған. Сол күні үстінде қара-қызыл кереге көз жейде, қара джинсы шалбар, аяғында қара аяқ киім болған.

Анасының айтуынша, әдетте құрбысымен саябақта немесе үй маңында қыдырған.

Жоғалған қыз туралы көрген-білгендер болса 8 777 307 99 65 немесе 102 телефон нөміріне хабарласуға болады.