Петропавлда 19 жастағы бойжеткенді зорламақ болған күдікті ұсталды

0
1 366

Ер адам үйдің кіреберісінде қыздың тамағына пышақ тақап, зорламақ болған.


Петропавлда 19 жастағы бойжеткенді зорламақ болған күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Петропавлда 19 жастағы бойжеткенге үй подъезінде шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға 5 сәуір күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде болған. Белгісіз ер адам 19 жастағы бойжеткеннің тамағына пышақ тақап, зорламақ болған. Алайда қыздың айғайлағанын естіген көршілері оны құтқарып қалған, ал ер адам қашып кеткен.

7 сәуір сағат 18.15 шамасында Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстады. Ол облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған екен.

«Қазіргі уақытта ұсталған ер адам Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс толық, жан-жақты, барлық жағдайлар ескеріле отыра объективті тергеледі, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген хабарламада.