Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ қағып кетті

0
600

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.


Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ қағып кетті

ERNUR.KZ. Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ көлігі қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жол апаты таңертең Астана-Интернациональная көшесінің қиылысында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан жас жігітті қағып кеткен.

Зардап шегуші көптеген жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.