Петропавлда апаттық жағдайдағы үйлерді бұзып жатыр

0
1 260

Биыл Жас Өркен шағынауданында құрылыс жалғасады. Мұнда 640 ескі және апаттық үй сүрілді.


Петропавлда апаттық жағдайдағы үйлерді бұзып жатыр

иллюстрациялық фото: арнайы дереккөзден

ERNUR.KZ. Биыл Петропавлда төрт апаттық жағдайдағы үйді бұзады, деп жазады ҚазАқпарат.

Петропавлдағы апаттық үйлердің мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмей келген еді. Ондай үйлерді қирату бағдарламасы да болған жоқ. Былтыр жергілікті билік қабырғасы қираған 3 үйді бұзуға мәжбүр болды.

«Биыл 2-ші Первомайский көшесінде 4 апаттық үй бұзылады. Үйлерді қирату - ауқымды және көп шығынды қажет ететін жұмыс. Бірақ, біз бұл қадамға тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін барып отырмыз. Жалпы, біздің міндетіміз - баспана сапасын арттыру», - деді Құмар Ақсақалов.

Биыл Жас Өркен шағынауданында құрылыс жалғасады. Мұнда 640 ескі және апаттық үй сүрілді. 2 мың пәтер мен бірнеше ірі әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр.

«Шығыс, Орман, Жас Өркен шағынаудандары облыс орталығына жаңа серпін береді. Бүгінде бұлардың құрылысына қаржы құюға дайын кәсіпкерлер бар», - деді облыс әкімі.