Петропавлда "Магнумнан" өрт шықты

0
498

2 қабатты "Магнум" супермаркетінің 1-ші қабатында орналасқан сауда бутигі өртенген.


Петропавлда

ERNUR.KZ. Петропавл қаласында "Магнум" сауда орталығынан өрт шығып, 250 адам эвакуацияланды, деп жазады sputnik.kz.

Өрт туралы хабар 18 қаңтар сағат 10.44-те келіп түскен. 2 қабатты "Магнум" супермаркетінің 1-ші қабатында орналасқан сауда бутигі өртенген.

"Сауда үйі адам көп жиналатын нысан болғандықтан, оған жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру көліктері дереу жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің уақтылы келуі мен келісілген әрекеттерінің арқасында өрттің тығыз орналасқан көршілес сауда орындарына одан әрі таралуына жол берілмеді", - деді СҚО ТЖ департаментіндегілер.

Қатты түтін өртті сөндіру жұмысын қиындатқан. Тілсіз жау 11.28-де оқшауланып, 12.04-те жойылды. Қаза тапқандар мен мен зардап шеккендер жоқ. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ведомство ақпаратынша, сауда орталығынан 250 адам эвакуацияланды. Олар өрт сөндіру қызметінің вахтасына және жақын маңдағы дәмханаға жылыну үшін орналастырылды, онда оларға ыстық шай берді.

Өртті сөндіруге СҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 37 адам және 12 техника жұмылдырылды.