Петропавлда пәтерде жалғыз қалған үш жасар бала өрттен көз жұмды

0
426

Бала жанған заттардың улы иісінен уланған.


Петропавлда пәтерде жалғыз қалған үш жасар бала өрттен көз жұмды

ERNUR.KZ. Петропавлда көп қабатты үйдің пәтері өртеніп, үйде жалғыз болған 3 жасар бала мерт болды, деп жазады inform.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10:00 шамасында «101» диспетчерлік нөміріне Петропавлдағы Жуков көшесі, 23 мекенжайындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердегі заттардың – киім-кешек пен жиһаздың жанып жатқанын көрді. Үйде 3 жасар бала жалғыз болған.

"Сәбиді алып шығып, жедел жәрдем қызметі бригадасына табыстадық. Алайда олар реанимациялық көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қала алмады. Өрт 14 минут ішінде сөндірілді. Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. СҚО ТЖД балаларды үйде жалғыз қалдырмауға кеңес береді. Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар", - дейді Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Назымбек Елемесов.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бала жанған заттардың улы иісінен уланған. Үйден алып шыққанда сәбиде тірі жанның белгілері болмаған. Жедел жәрдем қызметі баланың өміріне араша түсу үшін 40 минут алысқанымен, ол нәтиже бермеді.