Петропавлда сепаратистік ұйымның үш белсендісі қамауға алынды - прокуратура

0
500

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.


Петропавлда сепаратистік ұйымның үш белсендісі қамауға алынды - прокуратура

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты іс бойынша сот үш күдіктіні қамауға алды, деп жазады tengrinews.kz.

"2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты үш айыпталушыға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, СҚО-дағы "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын.