Петропавлда Сергеев су қоймасы үшінші күн қатарынан тасып жатыр

0
462

Судың биіктігі 169 см жетті.


Петропавлда Сергеев су қоймасы үшінші күн қатарынан тасып жатыр

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы үшінші күннен бері тасып жатыр. Бүгін таңертең ернеуінен асқан судың биіктігі 169 см жетті, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазгидромет" РМК СҚО филиалының мәліметінше, бүгін сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасында ернеуден асқан судың биіктігі 169 см жетті. Бір тәуліктің ішінде 67 см-ге өзгерді.

Сергеевка қаласының маңында Есіл өзенінің суы көтеріліп жатыр. Кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 361 см өзгерген. Әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

Шал ақын ауданы Крещенка елді мекенінің маңында Есіл өзені арнасынан шығып, жайылып жатыр.

6 сәуір күні мұнда өзен деңгейі бірден 4,5 метрге көтеріліп, қауіпті деңгей 1400 см-ге жақындап қалған еді.