​Петропавлда су құбыры жарылды

0
454

Жер астынан көтерілген су жан-жаққа жайылып, жолдың бойы көлкіп тұр.


​Петропавлда су құбыры жарылды

ERNUR.KZ. Коммуналдық апат қаланың қақ ортасында Мағжан Жұмабаев көшесінің бойында болған, деп жазады 24.kz.

Жер астынан көтерілген су жан-жаққа жайылып, жолдың бойы көлкіп тұр. Төтенше жағдай салдарынан 15 көпқабатты тұрғын үй, балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы мен 10 - ға жуық кәсіпорын тіршілік көзінен ажыратылды.

Айта кетейік, бұл құбыр биыл бірінші рет сыр беріп жатқан жоқ. Өткен айдың басында да жарылған болатын.

"Диаметрі 800 мм болатын су құбыры жарылды. Қазір оқиға орны оқшауланып, жарылған жерін анықтауға кірісетін боламыз. Бұл жұмыстар түні бойы жүргізіледі", - дейді Сумен қамту кәсіпорны бас инженерінің орынбасары Ербол Нәбиев.