Петропавлда ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірген

0
575

Оқыс оқиға 12 қарашада болған.


Петропавлда ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірген

ERNUR.KZ. Петропавлда ұлттық ұланның әскери қызметкері әріптесіне абайсызда оқ атып, мерт қылған, деп жазады stan.kz.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 12 қарашада болған.

"6637 әскери бөлімінің келісімшарты бойынша сарбазы әріптесіне абайсызда оқ атып, жарақаттаған. Жігіт шұғыл медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ мамандар әскери қызметкерді аман алып қала алмады", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Қызметтік тергеу тағайындалып, мән-жай анықталуда.

"Ұлттық ұланның жоғарғы қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына қайғыра көңіл айтады", – деді ұлттық ұлан өкілдері.