Петропавлдағы апат: барлық жабдықтар жаңа болған

0
294

1 желтоқсан күні Петропавлда су құбыры жарылды.


Петропавлдағы апат: барлық жабдықтар жаңа болған

ERNUR.KZ. Петропавлда су құбыры жарылар алдында жөндеуден өткен. Апат жаңа техникада болған, деп жазады zakon.kz.

Жөндеу жұмыстары сапасыз болды. Түйісу орнында диаметрі 800 мм құбыр жарылған. Болжам бойынша, оқыс оқиға ақауға байланысты болған, деп хабарлады «Қызылжар су» ЖШС баспасөз қызметі.

"Бәлкім, құрылыстағы ақаудың салдарынан болуы мүмкін. Қалалық желідегі қысым төмендеді. Зақымдануды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

1 желтоқсан күні Петропавлда су құбыры жарылды. Соның салдарынан көшелерді су басып, жүздеген тұрғын сусыз қалды. 15 көпқабатты үйдің тұрғындары, сондай-ақ әлеуметтік нысандар зардап шекті. Барлық қала бойынша құбырлардағы қысымды төмендетуге тура келді.

6 қарашада Петропавлда қар жауғаннан кейін су құбыры бұзылып үлгерді. 14 үйде су уақытша өшіріліп, қаладағы қысым төмендеді.