Петропавлдық келіншектің атына 50 мың нөмір тіркелген

0
890

Олардың барлығы қыздың ЖСН нөміріне бекітіліпті.


Петропавлдық келіншектің атына 50 мың нөмір тіркелген

ERNUR.KZ. Петропавл тұрғыны өз атына 50 мың абоненттік нөмір тіркелгенін анықтады. Келіншек бұл ақпаратты өз байланыс операторының кеңсесіне барғанда білген деп, жазады kaz.nur.kz.

Марияның сөзінше, ол ешқашан мұндай көп нөмір қолданбаған және ешкімге сыйламаған. Бұрыннан бір нөмірді пайдаланған ол жаңа нөмірлерді тіркемеген.

"Бұл жағдай маған шок болды. Елестетіңіззші, 50 мың нөмір. Менің артымда бір топ абоненттер жиыны тұр", - деді ол.

Петропавл тұрғынына оператор нөмірлердің қалай тіркелгенін түсіндіріп бере алмаған. Дегенмен, олардың барлығы қыздың ЖСН нөміріне бекітіліпті.

"Олардың барлығы мен бірнеше жыл бұрын жоғалтып алған жеке куәлігіме тіркелген шығар. Бірақ, менің қатты қорқатыным, осы нөмірден кез келген адам жарылғыш зат қойылғанын хабарлауы немесе алаяқтар біреулерді алдауы мүмкін еді ғой. Мен иесі болғандықтан, мәселе менде туындар еді. Осы уақытқа дейін тексеру ойыма келмепті", - деді таңданған ол.

Келіншектің сөзінше, ол барлық нөмірлерді жабу үшін арыз жазған.