Пластик бөтелкелермен су айдынын жүзіп өтпек болған балалар батып кете жаздады

0
1 285

Олар 21 шілдеде 1980 жылғы ер адам ағып кеткен тұстан суға түскен.


Пластик бөтелкелермен су айдынын жүзіп өтпек болған балалар батып кете жаздады

иллюстрациялық фото: wordlesstech.com

ERNUR.KZ. Құтқарушылар судағы кезекті қайғылы оқиғаның алдын алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобына төрт жасөспірім туралы ақпарат 31 шілдеде сағат 15.50-де түскен. 15, 14, 13, 12 жастағы жасөспірімдер өздеріне пластик бөтелкелерін байлап, Усольск су айдынын жүзіп өтпек болған.

Олар 21 шілдеде 1980 жылғы ер адам ағып кеткен тұстан суға түскен. Бұл жерден қарсы беттегі жағаға дейінгі қашықтық 250 метрді құрайды. Балалар жарты жолды жүзіп өтіп, суға бата бастайды. А.И. Носков бастаған құтқарушылар тобы суда әлсіреген балаларға шұғыл жеткен.

Құтқарушылар тобы оларды жағаға шығарып алды. Төртеуіне де психологиялық көмек көрсетілді.