Пойыз жолаушылары коронавирус белгілері бар әйелдің үстінен шағымданды

0
328

Жолаушылар жолсеріктерге шағымданған кезде, олар барлық жолаушыны бақылай алмайтындығын айтқан.


Пойыз жолаушылары коронавирус белгілері бар әйелдің үстінен шағымданды

ERNUR.KZ. Достық-Алматы бағытындағы пойыз жолаушылары коронавирус инфекциясының белгілері бар әйелдің үстінен шағымданды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жолаушылардың айтуынша, әйел үнемі жөтеліп, өзін жайсыз сезініп отырғанын және COVID-19 жұқтыруы мүмкін екенін жасырмай айтқан.

"Көрші купеде науқас әйел болды, ол тіпті маска таққысы келмеді. Вокзалға, пойызға кіру кезінде біздің дене қызуымызды, денсаулық жағдайымызды тексерген жоқ. Ashyq-пен де. Жай ғана бәрін кіргізіп жіберді. Неге ауру адамдарды кіргізеді? Адамдарда әлі әлеуметтік жауапкершілік жоқ. Әйелге шағымымызды айтқанда, ол жауап ретінде: "Енді сол жерде қалуым керек пе еді?" деп жауап берді. Айтарға сөзіміз жоқ", - дейді жолаушы Айжан.

Сонымен қатар, жолаушылар жолсеріктерге шағымданған кезде, олар барлық жолаушыны бақылай алмайтындығын айтқан.

Айта кетейік, пойыз Алматыға жергілікті уақыт бойынша сағат 14.07-де келген.