​Пойызда 20 жастағы тұрғыннан ірі көлемде есірткі табылды

0
868

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


​Пойызда 20 жастағы тұрғыннан ірі көлемде есірткі табылды

ERNUR.KZ. Көлік полицейлері Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғынынан 16 келіден аса марихуана есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен «Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінен Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны ұсталып, одан жалпы салмағы 16 келі 008 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі затын тәркіледі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.