Пойызда заңсыз әрекет байқаған жолаушылар 1433 нөміріне хабарласып, шағым түсіре алады

0
990

Жолаушылар пойызында кемшілік көп.


Пойызда заңсыз әрекет байқаған жолаушылар 1433 нөміріне хабарласып, шағым түсіре алады

ERNUR.KZ. Биыл өткен 10 айда 2 жарым мыңға жуық заңсыз әрекет анықталды. Бұл жөнінде Инвестициялар және даму министрлігінің өкілі мен Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың төрағасы қатысқан брифингте айтылды, деп жазады 24.kz.

Олар жолаушыларды белсенді болуға шақырады. Егер билетсіз жүрген адам мен жолсеріктің дөрекілігі байқалса, 1433 нөміріне хабарласуға болады. Бұл жердегі операторлар тәулік бойы қоңырау қабылдап, шара қабылдайды.

«Кінәлі адамдар жазасын алады», – деді шараға қатысушылар.

Төлеген Байғұлов, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың төрағасы: Астана-Сарыағаш бағытында 25 кемшілік анықталды. Билетсіз жүру Алматы-Петропавл пойызында кездесті. Екі күн бұрын Алматы-Астана пойызында тағы да екі адам билетсіз жүр. Осыған байланысты жолсерік пен пойыз бастығына қатысты іс тексеріліп жатыр, ал Астана-Петропавл бағытымен жүретін пойыз жолсерігі жұмыстан шығарылды.

Брифинг кезінде теміржол билеттерінің құны да сөз болды. Көлік комитеті төрағасының айтуынша, олар ҚТЖ-мен бірлесіп, тасымалдаушыларды ерекше бақылауға алады.