Пойыздағы өрт: Жолаушыларға билет құнының жартысы қайтарылды

0
433

№105 пойыздың барлық жолаушылары (184 адам) Алматы-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол (Тальго) бағытындағы №3/4 пойызға ауыстырылып, Астанаға жеткізілді.


Пойыздағы өрт: Жолаушыларға билет құнының жартысы қайтарылды

ERNUR.KZ. "Астана-Петропавл" бағытындағы пойыз жолаушыларының басқа пойызға ауысып мінуіне байланысты билет ақшасының бір бөлігі қайтарылады, деп жазады exk.kz.

№105 пойыздың барлық жолаушылары (184 адам) Алматы-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол (Тальго) бағытындағы №3/4 пойызға ауыстырылып, Астанаға жеткізілді. Сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" жолаушыларды тамақпен қамтамасыз етті.

""Астана-Петропавл" бағыты бойынша №901 қосымша пойыздың жолаушыларына билет құнының бір бөлігі қайтарылады", - делінген хабарламада.

Бурабай курорты, Көкшетау және Петропавл станцияларына бағыт алғандар үшін Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін жеке құрам ұйымдастырылды.

Тексеріс жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясы құрылды.