Полицейге жұдырық ала жүгірген ауыл тұрғындары түрмеге қамалды

0
454

Кінәлілердің үлкені 3 жыл 6 айға, басқа екеуі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.


Полицейге жұдырық ала жүгірген ауыл тұрғындары түрмеге қамалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ауылдың үш тұрғыны полицейге жұдырық ала жүгіргені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Заң бойынша адамның өмірі мен денсаулыққа қауіпті болмаса да, билік өкілдеріне қатысты күш қолдану үшін ауыр қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мамлютка қаласының үш тұрғыны осы әрекет үшін түрмеге қамалды.
Биыл наурыз айында үшеуі көппәтерлі үйдің ауласында спирттік сусындар ішіп отырған. Оларды екі учаскелік инспектор көріп қалады. Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұл әрекеті әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын ескертті. Сол кезде олар жұдырық ала жүгірді. Инспектордың біреуі табельдік қарудан аспанға оқ атуға да мәжбүр болды.
"Аталған факті бойынша 21, 28 және 39 жастағы үш күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары және соттың қарауы жарты жылға созылды. Қыркүйек айында оларға үкім шығарылды. Кінәлілердің үлкені 3 жыл 6 айға, басқа екеуі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды", - дейді полицейлер.
Ресми мәліметке сәйкес, билік өкіліне қатысты күш қолданудың әр дерегі спирттік ішімдік ішу салдарынан жасалады.