Полицейлер Алматыдағы кісі өлтіру мен өзіне қол жұмсаудың мән-жайын айтты

0
451

Көршілер айтқандай, үйде төрт адам – анасы, әкесі, ұлы және келіні тұрады.


Полицейлер Алматыдағы кісі өлтіру мен өзіне қол жұмсаудың мән-жайын айтты

ERNUR.KZ. Алматыда 31 қаңтарда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйеліне оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға Наурызбай ауданында болған.

Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйеліне тапаншадан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Қаңтардың 31-і күні кешке қарай кісі өлтіру мен суицид орын алған жеке тұрғын үйдің аумағы қоршауға алынды. Көршілер айтқандай, үйде төрт адам – анасы, әкесі, ұлы және келіні тұрады.