Полицейлер Алматының Түркісіб ауданында 4 жезөкшлер ордасын жапты

0
1 254

"Құқықтық тәртіп" ЖПШ аясында біздің бөлімшенің қызметкерлері Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс жүргізді.


Полицейлер Алматының Түркісіб ауданында 4 жезөкшлер ордасын жапты

ERNUR.KZ. Алматылық полицейлер кезекі жезөкшелер қордасын анықтады, деп жазады Zakon.kz.

Бордель Алматының Түркісіб ауданындағы қонақ үй кешендерінің бірінде орналасқан.

– Қалада жүргізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" ЖПШ аясында біздің бөлімшенің қызметкерлері Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс жүргізді. Нақтылық үшін айта кеткен жөн, жол бойында тұратын жеңіл жүрісті қыздардың саны айтарлықтай азайған. Осыған байланысты жол бойында орналасқан қонай үй, бар және тағы да басқа көңіл көтеру орындарында рейд жүргізуге шешім қабылданды. Қазіргі таңда ҚР ӘҚБк 450 - ғимаратты біле тұра жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлық үшін пайдалануға беру бабы бойынша бір түн ішінде интимтді қызмет көрсететін төрт қорда анықталды, - деп хабарлады Түркісіб аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Думан Аухадиев.

Олардың біреуі темір жол вокзалының маңында орналасқан қонақ үй болып шықса, қалған үшеуі пәтерлерде құралған.

– Аталған орындарда болғандар адамдырдың барлығы, оның ішінде "клиенттер" де қылмыстық есеп бойынша тексеруден өту үшін ПБ жеткізілді. Айта кетерлігі, олардың арасында үш адам - қылмыстық құқықбұзушылық үшін іздеуде жүргендер болып шықты, - деді Аухадиев.

Спикер сонымен қатар, өткен түнде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, қоғамдық орындарда азаматтардың мазасын алғаны үшін 28 құқықбұзушының әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Бұдан бөлек, ішімдікке әуестігі бар немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша 43 адамға айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық үшін 64 адамға әкімішілік материалдар жиналды.