Полицейлер Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылықты аман алып қалды

0
404

Сайға құлаған жігіт курьер болып жұмыс істейді.


Полицейлер Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылықты аман алып қалды

иллюстрациялық фото

Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылықты полиция аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Дабылды хабарға бірінші болып біздің әріптесіміз – полицей Әнуар Қашыбаев жауап берді. Бір минуттан кейін әріптесім, учаскелік аға инспектор Дархан Сары екеуміз оқиға орнына дер кезінде жеттік. Сосын сайдан іздей бастадық. Қараңғы батып кеткендіктен, дыбыс шыққан жерлерді аралай бастадық. Бір кезде сайдан көмек сұраған дауысты естідік. Дауыс шыққан маңда мопед жатыр екен. Ер адам абайсызда сайға құлап, бұрын құлаған шыршалардың бұтақтарына ілініп қалған", - дейді учаскелік инспектор Асхат Рысбеков.

Оның айтуынша, жас жігіт қатты тоңып қалған. Полицейлер жігітті жылыту үшін киімдеріне орап, арнайы құтқару құралдарының көмегімен жоғары қарай көтеріп шығарған. Жігіт ауруханаға жеткізілді.
Сайға құлаған жігіт курьер болып жұмыс істейді. Сол күні ол тауға демалуға шыққан.