​Полицейлерді өзінің өліміне сендірмек болған ұрының қулығы іске аспады

0
1 242

Полицейлер қуып жеткенде, ол еш қимылсыз, өлі адамның кейпінде жатыр екен.


​Полицейлерді өзінің өліміне сендірмек болған ұрының қулығы іске аспады

ERNUR.KZ. 102 каналына автокөлікті айдап әкету туралы түскен шақырту бойынша тәртіп сақшылары қылмыскерді іздеуге кіріседі. Алайда қолға түскен ұры полицейлерді өзінің өліміне сендірмек болыпты, деп жазады Алтайньюс.

Полицияға ұрланған автокөлік туралы арызданған Глубокое ауданының 25 жастағы тұрғыны екен. ВАЗ-21093 маркалы автокөлікті үйінің алдынан біреу айдап алып кетіпті. Келтірілген залал 700 мың теңгені құрады.

- Бұл туралы бағыттама барлық полиция посттарына таратылды, – деп мәлімдейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.

– Полицияның аға лейтенанты Қуаныш Маушанов пен кіші лейтенант Дамир Саргизовтан құралған күзет экипажы Өскемен-Риддер тас жолындағы қозғалысты бақылап тұрған. Бағыттама алған соң олар қала жаққа қарай жақындайды. Инспекторлар автокөлікті айдап әкеткен ұрының алысқа ұзап кетуі мүмкін емес деп болжайды.

Бұл болжам рас болып шықты. Назарларына сипаттамаға сай келетін автокөлік ілінген. Оның алдыңғы мемлекеттік нөмерлік белгісі жоқ екен.

Полиция қызметкерлері жүргізушіден тоқтауды талап етеді. Алайда ол құлақ аспай, жолдан шығып, жолсыз жермен далаға қарай бет алған. Тәртіп сақшылары соңына түсті. Бірақ қашқын алысқа ұзамады. Машина жыраға түсіп кетіп, өшіп қалды. Ал жүргізуші бұталардың арасына кіріп, жасырынады. Полицейлер қуып жеткенде, ол еш қимылсыз, өлі адамның кейпінде жатыр екен. Дегенмен бұл қулығы іске аспады. «Өлген» жігіттің қолына кісен салынды.

Көлікті айдап әкеткен Белоусовка кентінің 29 жастағы тұрғыны екені анықталып отыр. Болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.