Полиция 12 қабаттан секірмек болған өскемендікті құтқарып қалды

0
452

Тәртіп сақшылары шектеу шараларына байланысты көшелерді патрульдеу кезінде 12 қабатты үйдің шатырында отырған адамды байқап қалған.


Полиция 12 қабаттан секірмек болған өскемендікті құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының тұрғыны 12 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 қараша күні сағат 14.30-да тәртіп сақшылары шектеу шараларына байланысты көшелерді патрульдеу кезінде 12 қабатты үйдің шатырында отырған адамды байқап қалған.

Полицейлер мұны бірден жедел басқару орталығына хабарлайды. Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Берік Жұмағазы дереу сол көпқабатты үйге қарай жүгірген.

«12 қабатқа көтерілген учаскелік инспектор шатырға шығатын есіктің сыртынан жабық тұрғанын байқайды. Есікті бұзып ашқан ол оқиға орнына келіп жеткен ТЖД маманымен бірге ер адамды суицид жасамауға көндіреді. Осылайша, түсіндіру жұмыстарынан кейін өмірдегі қиындықтарға байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келген азамат бұл ойынан бас тартты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.