Полиция Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

0
488

​Әлеуметтік желілерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабар тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.


Полиция Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Жамбыл облыстық полиция департаменті Қасқабұлақ ауылында болған жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.

Полицияның мәліметіне сәйкес, 11 тамызда сағат түнгі 01.30-да Талас ауданының полиция бөлімшесіне Қасқабұлақ ауылындағы бұзақылық туралы хабарлама түскен.

"Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ осыған қатысты мән-жай анықталуда", - дейді тәртіп сақшылары.

Облыстық полиция қазіргі уақытта жағдай тұрақты және басқа да қоғамдық тәртіп бұзушылықтардың тіркелмегенін жеткізді.

"Полиция департаменті тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрайды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", - деді полицейлер.