Польшадағы 16 жасар қазақстандық студенттің өліміне байланысты СІМ мәлімдеме жасады

0
567

Оны қабанмен шатастырған аңшы атып өлтірген болатын.


Польшадағы 16 жасар қазақстандық студенттің өліміне байланысты СІМ мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Варшавадағы ҚР елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына байланысты тергеуді өз бақылауына алғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Польша құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жергілікті полиция кісі өлтірген күдікті мен оның осы елдің азаматы болып табылатын серіктесін ұстады. Біріншісіне кісі өлтірді деген күдік келтірілді, оның досы тергеуге кедергі келтіріп, көмек көрсетуден бас тартты деп айыпталуда. Күдікті аңшы болып табылады, ол қазақстандық студенттерге қарай қателесіп оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық тарап Польша билігіне тергеуді мүмкіндігінше мұқият жүргізіп, барлық кінәлілерді жазалау туралы өтінішпен жүгінді. Қазіргі уақытта дипломаттар құжаттарын рәсімдеп, қайтыс болған адамның денесін елге қайтару шараларын қолға алуда, делінген хабарламада.

Қайтыс болған студенттің туыстары мен жақындары осы қайғылы оқиғаға байланысты дүрбелең туғызбауды, жеке жағдайларына құрметпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін Польшада 16 жасар қазақстандықтың оқ тиіп, көз жұмғаны хабарланған болатын.

1 қарашада Варшавада Қазақстаннан Польшаға тәжірибе алмасу арқылы барған студент достарымен бірге саябаққа шығады. Серуен кезінде мылтық атылып, оқ баланың бүйрегіне, бауырына және өкпесіне тиген. Алған ауыр жарақатынан жасөспірім мерт болды. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол отставкадағы тәртіп сақшысы болып шықты. Сол күні ол аңшылыққа шығыпты. Қасында шіркеу қызметкері болған. Ол жасөспірімді аң екен деп шатастырып атып алғанын мойындады.