Премьер-министр Алматыға жұмыс сапарымен келді

0
1 027

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин оңтүстік астанаға жұмыс сапарымен келді


Премьер-министр Алматыға жұмыс сапарымен келді

Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"2019 жылғы 29 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында индустриялық кәсіпорындарға, көлік инфрақұрылымының салынып жатқан нысандарына барып, Алматы өңірінің турбизнес өкілдерімен кездесу өткізді", - деп хабарлама берген,

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын аралау кезінде KBTU Drilling Center оқу-жаттығу орталығы мен мұнай-газ саласының мамандары біліктілігін арттыратын Қазақстандық теңіз академиясын барып көрді. Асқар Мамин радиоэлектроника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын, композит бұйымдарды, күн электр станциясы нысанын шығаратын KazTechInnovations ЖШС зауытына барды.

Премьер-министр "Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы" ЖШС киім шығару фабрикасына және қаланың индустриялық аймағының бірқатар кәсіпорындарына барды. Атап айтар болсақ, Tokyo Rope Manufacturing корпорациясының инженерлік қорғаныс жүйелерін өндіру зауытын көрді, жеңіл автокөлік өндіретін "Hyndai Trans Kazakhstan" зауытының құрылыс алаңдарында болды, сондай-ақ диаметрі 300 мм-ден 900 мм-ге дейін үлкен болат дәнекерлі құбырлар өндірісі жолға қойылатын Asia Steel Pipe кәсіпорнына барды. Зауыт жыл сайын мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау және тау-кен өндірісі, құрылыс, химия өнеркәсібі, энергетика салаларында пайдалану үшін 100 мың тоннаға дейін құбыр жеткізетін болады. Жұмыс сапары электр автобустарын құрастыратын Falcon Eurobus ЖШС зауытында жалғасын тапты. Мұнда Асқар Маминге үшінші буынның электр автобустарының модельдері көрсетілді.