Премьер-Министр вакциналау бойынша көш соңында қалған өңір әкімдеріне тапсырма берді

0
518

Маңғыстау және Қостанай облыстарында екпе алуға тиіс халықтың жартысы ғана вакцина салдырған.


Премьер-Министр вакциналау бойынша көш соңында қалған өңір әкімдеріне тапсырма берді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырсында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының көбейгенін ескеріп, әкімдерге барлық оқу орындарында санитариялық-эпидемиологиялық режимнің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Сондай-ақ халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын барынша күшейту қажет», - деген Премьер-Министр бұған дейін берілген тапсырмаларға қарамастан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында екпе алуға тиіс халықтың жартысы ғана вакцина салдырғанын атап өтті.

Айуынша, ел астанасы мен Алматыда және Маңғыстау облысында ревакциналау қарқыны жақсармаған.

«Ал, Шығыс Қазақстан облысында вакцинамен қамту 100 процент, ревакциналау шамамен 80 процентке жетіп отыр. Жамбыл облысында вакцина салдыру 100 процентке, ал ревакциналау – 66 процентке жуықтады.

Бұл – басқа өңірлер үшін үлгі боларлық жұмыс. Көш соңындағы аймақтардың әкімдері вакциналау және ревакциналау мәселесін күнделікті бақылауға алуы тиіс», - деді Үкімет басшысы.